Қазақстан құрамасының ойыншысы қайғылы жағдайда көз жұмды

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының ойыншысы Роман Богданов көз жұмды деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының ойыншысы Роман Богданов көз жұмды деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
27 жастағы футболшы Павлодарда тұратын, ол Ертіс өзенінде балық аулып жүріп, қатты ағыс салдарынан суға кетіпті.
Богданов "Ертіс" тәлімгері, осы клубта және "Қызыл-Жар" мен "Ақсуда" да ойнаған. Ол жағажай футболынан Қазақстан құрамасы мен павлодарлық "Арман" командасының белді ойыншысы болған.
Марқұмның артында әйелі мен кәмелетке толмаған ұлы қалды.
Роман Богданов - 1995 жылғы Ресей чемпионы, Қазақстан құрамасының ойыншысы әрі бапкері болған Сергей Тимофеевтің жиені.
Жарнама