Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Ақтөбе" клубымен келісімшарты ұзартылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболшы әзірге командасыз қалып отыр.
"Құрметті жанкүйерлер, келісімшарт аяқталғалы "Ақтөбе" маған келісімді ұзарту туралы ресми құжат жолдамады. Қазіргі таңда мен "Ақтөбе" ойыншысы емеспін", - деп жазыпты футболшы әлеуметтік желіде.