29 жастағы футболшы "Тобыл" сапына өтеді. Марочкин ҚПЛ-дегі бірнеше клубпен келіссөздер жүргізіп, ақыры қостанайлық командаға тоқтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының негізгі қорғаушысына "астана" мен "Қайрат" та қызығушылық танытқан, алайда, бұл командалар ойыншы негізгі командада ойнайтынына кепіл бере алмады.
ҚПЛ-дің биылғы маусымында Марочкин 26 матчте екі гол соқты. Сонымен бірге, Қазақстан кубогында үш ойынға қатысып, қызылордалық клубқа трофейді жеңіп алуға көмектесті.
Қазақстан құрамасы үшін ортадағы қорғаушы 8 маусымда Бельгияға қарсы матчте алғаш рет ойнады. Жалпы Еуропа-2020 чемпионатының іріктеу кезеңінде ол үш ойынға қатысып, ұлттық команданың негізгі мүшесі болды.