25 жастағы Сартаков павлодарлық футбол мектебінің түлегі, карьерасын 2013 жылы бірінші лигадағы "Спартак" (Семей) құрамында бастаған.
2014 пен 2016 жыл аралығы "Ертісте" ойнады, ал 2017 жылы "Тобыл" сапына өткен. Қостанайлық клубта премьер-лиганың 30 ойнында екі гол салды. 2018 жылы жарақат алып, үш матч қана өткізді.
2019 жылы "Тобылдан" келісімшарт аяқталғандықтан кетіп, операция жасатты. Ал жазда қостанайлық клубқа қайта қосылды. Дегенмен ол уақыттан бері бірде-бір ойынға қатыспады.
2017 жылдың 22 наурызында Қазақстан құрамасы үшін алғшқы матчін ойнады. Сонымен бірге, жастар құрамасы үшін 26 ойын өткізген.