Футбол
16 наурыз 2020 09:40

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан футболсыз қалды

Сурет: "Аль-Айн" ФК
Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан өнер көрсетіп жұрген БАӘ чемпионаты коронавирустың таралуына байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы лиганың ресми сайтында хабарланған. 

БАӘ футбол қауымдастығы чемпионаттың төрт аптаға тоқтатыла тұратынын туралы ресми мәлімдеме жариялап, клубтарға хабарлады. Егер осы уақытта пандемия басылса, ел чемпионаты 13 сәуірде қайта жанданады. 



Исламхан "Аль-Айн" сапына 31 қаңтарда өткен. Осы уақытта ол арабиялық клуб сапында он матч өткізіп, бір гол салды және үш ассист жасады.

37 қпай жинаған "Аль-Айн" турнир кестесінде екінші келеді, көшбасындағы "Аль-Ахли" алты ұпай артық жинаған. 36 баллмен "Аль-Джазира" үшінші.