Футбол
31 желтоқсан 2019 11:57

Қазақстан құрамасының қақпашысы ҚПЛ клубынан кетті

© ҚФФ
Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий қарағандылық "Шахтер" сапынан кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


30 жастағы футболшы мен қарағандылық клуб арасындағы келісімшарт аяқталды, алайда, екі тарап та оны созғысы келмеді. 

Өткен маусымда Шацкий ҚПЛ-де "Шахтер" үшін 33 матч өткізді. Қарағандылық команда чемпионатта тоғызыншы болды.