Қазақстан құрамасының футзалдан әлем чемпионатындағы екінші матчіне тікелей трансляция

Бүгін, 15 қыркүйекте Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатындағы А тобында екінші матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 15 қыркүйекте Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатындағы А тобында екінші матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қарсылас алаң иелері Литва құрамасы. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 23:00. Qazsport ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.
Қазақстан турнирдегі бірінші ойында Коста-Риканы ұтты (6:1), ал Литва командасы Венесуэлаға (1:2) есе жіберді.
Еске салайық, 1/8 финалдан басталатын плей-офф кезеңге әр топтан ең мықты екеуі және үшінші орын иеленгендер арасындағы үздік төрт команда шығады.
Жарнама