Қазақстан құрамасының футболшысы ойнайтын "Висла" Польша чемпионатындағы матчте жеңіске жетті

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков ойнайтын "Висла" Польша чемпионатының 14-ші турында жеңіске жетті,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков ойнайтын "Висла" Польша чемпионатының 14-ші турында жеңіске жетті,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Краковтық команда "Лех" клубымен кездесіп, 1:0 есебімен ұтты. 67-ші минутта жалғыз голды Якуб Блащиковски салды. Жуков алаңға негізгі құрамда шықты.
"Висла" 14 матчте 14 ұпай жинап, 12-ші орында келеді.
Жарнама