Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Геворг Наджарян Чемпиондар лигасы іріктеуінің бірінші раундында ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Наджарян өнер көрсететін "Пюник" румыниялық ЧФР-мен тең түсті - 0:0. Жеңімпаз енді қарымта ойында анықталады. Наджарян алаңға 90-минутта Александр Гонсалестің орнына шықты.
Хавбек бұрын "Астана" мен қарағандылық "Шахтер" үшін ойнаған. Сондай-ақ, ол Қазақстан құрамасы үшін бір матчке қатысып, жастар командасында 20 кездесуге қатысқан.