Қазақстан құрамасының футболшысы басқа елдің намысын қорғауға ниетті
24 жастағы Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы футболшысы Геворг Наджарян Армения құрамасы сапында өнер көрсетуге ниетті, деп жазады KazFootball.kz порталы.
24 жастағы Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы футболшысы Геворг Наджарян Армения құрамасы сапында өнер көрсетуге ниетті, деп жазады KazFootball.kz порталы.
Бұл туралы футболшының өзі армениялық Corner Football Armenia сайтына берген сұқбатында айтты.
Айта кетейік, Наджарян Армения астанасы Ереван қаласында дүниеге келіп, екі жылдан кейін отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келген.
Геворг Қазақстан жастар (U-21) құрамасы сапында 26 кездесуге қатысып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2019 жылы Молдоваға (1:0) қарсы жолдастық кездесуде алғашқы ойынын өткізген. Бірақ содан бері құрамаға шақырту алмаған.
Оның соңғы командасы "Шахтер" болған. Наджарян сол Қарағанды футбол мектебінің тәлімгері. Сондай-ақ, 2016-2017 жылғы маусымда ол "Астана" сапында ойнады. Ал 2022 жылдың қаңтарынан бері командасыз жүр.
Жарнама