Қазақстан құрамасының экс ойыншысы "Астанада" қызметке тағайындалды

"Астана" футбол клубының құрылымында ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана" футбол клубының құрылымында ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, "Астананың" жастар құрамасын қазақстандық маман Сапар Қарынбаев жаттықтыратын болды.
Ол "Астана" ФК жүйесінде алты жыл қызмет етіп келеді. Мұның алдында "Астана-М" бапкерінің көмекшісі болған.
Жаңа бас бапкердің көмекшісі Антон Чичулин болды, ол "Шахтер", "Атырау", "Оқжетпес", "Ертіс", "Ақтөбе", "Жеңіс", түркиялық "Гиресунспор" клубтарында ойнаған. 2004-2011 жылдары Қазақстан құрамасы үшін 24 матчте өнер көрсеткен.
Жарнама