Футбол
24 тамыз 2022 03:01
 

Қазақстан құрамасының экс бапкері қазіргі клубын ЧЛ тобына шығарды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының экс бапкері қазіргі клубын ЧЛ тобына шығарды ©ҚФФ

"Виктория Пльзень" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

"Виктория Пльзень" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің плей-офф раундында Әзірбайжанның "Карабахын" қабылдап, өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бір қызығы алғашқы голды Бакуден келген команда салды. Матчтың 38-минутында "Карабах" жартылай қорғаушысы Филип Озобич есеп ашты. Үзілістен кейін алаң иелері сапында Ян Копиц (58-минут) пен Ян Климент (73) көзге түсті.

Осылайша, "Виктория Пльзень" клубы 2022/23 жылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Ал чехиялық команданың қазіргі бапкері Михал Билек 2019-2020 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасын және 2020 жылы "Астана" клубының тізгінін ұстаған. Құрама бас бапкері ретіндегі алғашқы матчта "қаршығалар" "Астана Аренада" Шотландия ойыншыларын 3:0 есебімен ұтқан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!