Еске салайық, 2008 бен 2011 жылдар аралығы Шторк Қазақстанда еңбек еткен. Ол "Алма-Ата" мен "Цесна" командаларын, жастар (U-19) және ұлттық құраманы жаттықтырған. Оның жетекшілігімен еліміздің құрамасы 14 матч өткізіп, 11 рет ұтылды және үш рет жеңіске жетті, 2010 жылғы әлем чемпионатында алты команда арасында бесінші болды.
Кейін Шторк грекиялық "Олимпиакос" жастар командасы, Венгрияның ұлттық құрамасы (U-20) мен жастар құрамасын жаттықтырып, оны Еуро-2016 турнирінің 1/8 финалына дейін жеткізген.