Қазақстан құрамасының бапкері Ұлттар лигасындағы үшінші жеңілісті түсіндірді
Сурет: ҚФФ
Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар лигасындағы Албаниямен ойынға қатысты пікір білдірді.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар лигасындағы Албаниямен ойынға қатысты пікір білдірді.
"Үш гол өткізіп алдық. Екінші таймда Сүйімбаев пен Вороговскийде мүмкіндік болды, гол сала алмағаны өкінішті. Онда 2:3 есебімен мүмкіндігіміз болар еді... Албания мықтылығын көрсетті, кобинация жасап, жақсы ойнады, жылдам ойнады, допты бақылауында ұстады, шабуылшылары да жақсы екен. Біз үшін ауыр матч болды. Тынығып алуға үш күн бар, сосын Литвамен ойнаймыз. Бұл маңызды матч, ұту керек", - деп береді Билектің сөзін ҚФФ баспасөз қызметі.
Жарнама