Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін бір бапкердің есімі белгілі болды
©Қызылжар ФК
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Әли Әлиев жаттықтыруы мүмкін. 44 жастағы маман жаңа бас бапкер болады, – деп жазады KazFootball.kz.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Әли Әлиев жаттықтыруы мүмкін. 44 жастағы маман жаңа бас бапкер болады, – деп жазады KazFootball.kz.
Әлиев жақында ғана Петропавлдың "Қызылжар" командасынан кеткен болатын. Бұған дейін ол "Жеңіс", "Шахтер" және "Астана" жастар командасын жаттықтырды.
Әли Әлиевтің дайындауымен 2023 жылы "Қызылжар" премьер-лигада бесінші орынға ие болып, Конференция лигасының іріктеу кезеңінде ойнады. Команда алғашқы іріктеу кезеңінде Хорватияның "Осиек" командасын жарыс жолынан шығарған еді.
Жарнама