Қазақстан құрамасын Еуроға шығу мүмкіндігінен "айырды"
Футболдан Ресей құрамасының экс ойыншысы Дмитрий Булыкин Қазақстан командасының Еуро-2024 турниріне өту мүмкіндігі жайлы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
Футболдан Ресей құрамасының экс ойыншысы Дмитрий Булыкин Қазақстан командасының Еуро-2024 турниріне өту мүмкіндігі жайлы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
"Украинаның жақсы мүмкіндігі бар, Қазақстан да қолынан не келетінін көрсетті. Бірақ олардың мүмкіндігі жоқ деп ойлаймын. Ал Украина өте алады. Бірақ ешкім кепілдік бермейді әрине, өйткені осындай матчтерде жеңбеу керек командалар ұтып кетіп жатады. Футбол алаңында бәрі басқаша болады. Сондықтан ешкім дөп басып айта алмайды. Ал Эстонияның Польшаға қарсы мүмкіндігі өте аз екені анық", - деп береді Булыкиннің сөзін "Газета.Ru".
Айта кетейік, Қазақстан Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінде С тобында Грекиямен ойнайды. Ал өзге жартылай финалда Грузия мен Люксембург кездесу өткізеді. Жеңімпаз Еуро-2024 турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алады.
Жарнама