Қазақстанның ұлттық және жастар құрамалары оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық матч өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу 4:1 есебімен ұлттық құраманың пайдасына аяқталды.
Алғашқы таймда қорғаушы Александр Марочкин қос гол соқты. Ойынның екінші бөлігі басталған сәтте Максим Самородов көзге түсті. 51-минутта жастардың қорғаушысы Сағи Совет есеп айырмасын қысқартты. Матч соңына қарай Алексей Щеткин пенальтиден гол соқты.