Қазақстан құрамасы жеке көрсеткішін жақсартты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар Лигасының үшінші турында Беларусь командасымен (1:1) тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар Лигасының үшінші турында Беларусь командасымен (1:1) тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Магомед Адиев баптайтын ұжым үшін бұл тарихи көрсеткіш. Себебі осыған дейін беларуссиялықтармен төрт мәрте ресми ойын өткізіп, (2009 жылы 5:1 және 4:0, 2020 жылы 2:1 және 2:0) барлығында ұтылған еді.
Еске салайық, "қаршығалар" биылғы Ұлттар Лигасын сәтті бастады. Бірінші турда жерлестеріміз өз алаңында Әзірбайжан командасын 2:0 есебімен ұтса, Трнавада Словакия құрамасынан 0:1 есебімен басым түсті.
Әзірге 7 ұпайы бар Қазақстан құрамасы үшінші топтың көшін бастап тұр. Енді жерлестеріміз келесі кездесуін 13 маусым күні Словакияға қарсы өткізеді.
Жарнама