Футбол
18 ақпан 09:16

Қазақстан құрамасы футбол матчінде Ресейге есе бермеді

©instagram.com/kff_jastar/

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Беларусь астанасы Минскте өтіп жатқан Даму кубогінде екінші матчін өткізді, деп жазады Vesti.kz

Бауыржан Сағындық жаттықтыратын команда Ресей құрамасымен ойнады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 39-минутта Әкежан Қалиқұлов есеп ашып, Қазақстанды алға шығарды. 

Ресейліктер 56-минутта есе қайтара алды, гол авторы Илья Всяких.

Еске салайық, мұның алдындағы матчте Қазақстан Иран құрамасын 2:0 есебімен ұтқан еді.

19 ақпандағы үшінші турда Қазақстанның жастары Әзірбайжан командасымен ойнайды. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport