Қазақстан құрамасы футбол матчінде Ресейге есе бермеді

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Беларусь астанасы Минскте өтіп жатқан Даму кубогінде екінші матчін өткізді, деп жазады Vesti.kz.
Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Беларусь астанасы Минскте өтіп жатқан Даму кубогінде екінші матчін өткізді, деп жазады Vesti.kz.
Бауыржан Сағындық жаттықтыратын команда Ресей құрамасымен ойнады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 39-минутта Әкежан Қалиқұлов есеп ашып, Қазақстанды алға шығарды.
Ресейліктер 56-минутта есе қайтара алды, гол авторы Илья Всяких.
Еске салайық, мұның алдындағы матчте Қазақстан Иран құрамасын 2:0 есебімен ұтқан еді.
19 ақпандағы үшінші турда Қазақстанның жастары Әзірбайжан командасымен ойнайды.
Жарнама