Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Ұлттар лигасындағы келесі матчке қатыса алмайды.
Түркиялық "Бешикташта" өнер көрсетіп жүрген Бахтиер Аустриямен матчте сары қағаз ретінде ескерту алды. Бұл ол үшін осы жарыстағы екінші ескертуі. Біріншісін өз алаңымызда өткен Норвегиямен матче (0:0) алды.
Осылайша, Зайнутдинов 13 қазан Алматыда өтетін Словенияға қарсы ойынға қатыспайды.