Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өзбек футболшыларын ойсырата ұтты

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан "Даму кубогы-2023" халықаралық турнирінде өзбек футболшыларын 3:0 есебімен ұтты.
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан "Даму кубогы-2023" халықаралық турнирінде өзбек футболшыларын 3:0 есебімен ұтты.
Александр Кузнецов жаттықтыратын ұлттық құрама жарыстағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бірінші ойында Ресей жасөспірімдер құрамасын 1:0 есебімен ұтқан болатын.
Өзбекстан жасөспірімдер құрамасы қақпасына қазақ ойыншылары қатарынан Әбіл Ілияс, Темірлан Ағыманов және Виктор Лакеев гол соқты.
Қазақстан жасөспірімдері келесі ойынын 9 ақпан күні Беларуське қарсы өткізеді. Кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталады.
Жарнама