Қазақстан чемпионатының үш матчіне трансляция

Бүгін, 10 наурызда футболдан Қазақстан чемпионаты екінші турының үш матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 10 наурызда футболдан Қазақстан чемпионаты екінші турының үш матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін алаңға "Каспий" - "Тобыл" (14:00), "Атырау" - "Қайсар" (16:00) және "Қызыл-Жар" - "Мақтаарал" (18:00) жұптары шығады.
Павлодарда өтетін "Қызыл-Жар" - "Мақтаарал" матчін Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарна сайтында қолжетімді.
Ал "Каспий" - "Тобыл" (Алматы) және "Атырау" - "Кайсар" матчтерін ҚКФЛ-ТВ арнасынан тамашалай аласыз.
Жарнама