Футбол
20 сәуір 2021 13:32

Қазақстан чемпионатындағы соңғы клуб ойыншыларды командадан шеттете бастады

Сурет: "Жетісу" ФК

Талдықорғандық "Жетісуда" команданың футболдан Қазақстан чемпионатында нашар өнер көрсетіп жатқанына байланысты салмақты шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Гол емес" телеграм арнасының мәліметінше, қорғаушы Андрей Шабаев пен шабуылшы Едіге Оралбай командадан шеттелген. Адағы уақытта футболшылар клубтан ресми түрде кету керек. 

Сонымен қоса, командадан аластатылатын осы екеуі ғана емес сияқты. 

Кейінгі матчте "Жетісу" өз алаңында "Ордабасыдан" 0:4 есебімен ұтылды. Талдықорғандықтар алты тур қорытындысы бойына бір ұпаймен ҚПЛ-дің турнирлік кестесінде соңғы келеді.