Қазақстан чемпионатындағы "Шахтер" - "Ақсу" ойыны кейінге қалды
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының шешімімен Қазақстан чемпионаты 3-турының "Шахтер" - "Ақсу" ойыны кейінге қалдырылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының шешімімен Қазақстан чемпионаты 3-турының "Шахтер" - "Ақсу" ойыны кейінге қалдырылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Стадион алаңында тексеру жұмыстары жүргізілді. Төсенішті қар жауып қалған, Қарағанды қаласында орын алған аязды ауа-райы және мезгіл-мезгіл жауатын жауын-шашын алаңды ойынға дайындау жұмыстарын қиындатады, сонымен қатар, аталмыш жағдай ойыншының жарақат алып қалу қаупін жоғарылатады.
Алаңның қазіргі кездегі жағдайы мен ауа-райының болжамын ескере отырып, аталмыш кездесуді басқа күнге ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Жарнама