Қазақстан бүгін Ұлттар лигасында Словениямен ойнайды

©ҚФФ

Бүгін, қыркүйектің онына қараған түні футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші матчін өткізеді. Қарсылас Словения құрамасы болады. 

Любляндағы "Стожице" стадионындағы матч Астана уақытымен 23:45-те басталады. Ойынды Qazsport тікелей көрсетеді, трансляция телеараның ресми сайтында қолжетімді. 

Матчке бас төреші португалиялық маман Жоау Пиньейру болады.

Қатар өтетін кездесуде Норвегия өз алаңында Аустриямен ойнайды.

Ұлттар лигасы В дивизионының 3-тобындағы бірінші тур ойындарында тең нәтижелер тіркелді: Қазақстан - Норвегия 0:0, Словения - Аустрия 1:1.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар