Қызылордалық "Қайсардың" бас жаттықтырушысы Сұлтан Әбілдаев жуырда клубтан кетеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Жаттықтырушы клуб басшылығымен егжей-тегжейлі отырыс өткізіп, нәтижесінде 51 жастағы маманға өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазу ұсынылған.
"Қайсар" алғашқы екі айналымды жеңіске қол жеткізе алмады. Бірінші ойында қызылордалықтар 2:3 есебімен "Тараз" командасынан жеңілсе, ізін ала жеңіс тізгінін "Қайратқа" берді. Есеп 0:3. Екі ойынды да "қасқырлар" өз алаңында өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Әбілдаев маусымаралық кезеңде 2016 жылдың қарашасынан бері клуб тізгінін ұстаған 63 жастағы Стойчо Младеновтың орнына келген еді.