Қазақстан біріншілігін армениялық шабуылшы толықтыруы мүмкін
Армениялық "Урарту" клубының ойыншысы Артур Миранян өз мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Армениялық "Урарту" клубының ойыншысы Артур Миранян өз мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
ArmSport ақпараты бойынша 25 жастағы шабуылшыға Ресей мен Украинаның да бірқатар клубтары қызығушылық танытып отыр.
Миранян донецктік "Шахтердің" тәрбиеленушісі және жастар Чемпиондар Лигасында сол клуб сапында бес ойын өткізіп, бір гол авторы атанған. Армения құрамасындағы дебютін ол 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеуінде 2019 жылдың қазанында Лихтенштейнге қарсы ойында жасаған (1:1). Осы ойыннан кейін Армения құрамасының тағы бір ойынына ғана қатысып үлгерген.
Осы маусымда "Урарту" сапында ол үш кездесу өткізіп, ешқайсысында көрнекі ойын көрсете алған жоқ. Оның нәтижелі ойындар көрсеткен клубы әзірге армениялық "Пюник" болып отыр. Клуб құрамында ол 47 ойын өткізіп, 15 гол және алты сәтті пас авторы атанған.
Transfermarkt порталы ойыншыны 125 мың еуроға бағалап отыр.
Жарнама