Қазақстан атынан еурокубокке қатысқан клуб бірнеше легионермен қош айтыспақшы

Қарағандылық "Шахтер" жақын арада бірнеше легионермен қош айтысады. Бұл туралы "Гол емес" телеграм-каналы мәлімдеді.
Қарағандылық "Шахтер" жақын арада бірнеше легионермен қош айтысады. Бұл туралы "Гол емес" телеграм-каналы мәлімдеді.
Ойыншылар ҚПЛ мен Суперкубок ойындарына қарағанда, жаттығу алаңында жақсырақ ойнаған көрінеді.
"Шахтер" биылғы маусымды сырт алаңда "Атырау" командасымен болған ойындағы жеңіспен бастады. Есеп 1:0. Алайда одан кейін, Нұр-Сұлтан қаласындағы ойында "Ордабасы" командасынан 0:2 есебімен жеңілді. Бүгін, 5 сәуір күні, қарағандылық клуб сырт алаңда "Қызыл-Жар СҚ" командасымен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, "Шахтер" былтырғы жылды төртінші орында тәмамдап, еурокубокқа жолдама жеңіп алған еді.
Жарнама