Футбол
9 ақпан 2022 01:46

"Қайтып оралмаймын". Хаким Зиеш құрамадағы карьреасын аяқтады

©Getty Images

"Челсидің" жартылай қорғаушысы Хаким Зиеш Африка ұлттарының Кубогі аяқталысымен Марокко құрамасындағы карьреасын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ойыншы өз құрамасымен бірге Камерунда өткен Африка құрлығындағы басты футбол турнирінің ширек финалына дейін жеткен болатын. Аталмыш турнирде финалда пенальти сериясында Мысырдан басым түскен Сенегал командасы жеңіске жетті.

"Ұлттық құрамаға қайтып оралмаймын. Бұл менің нақты шешімім. Енді бар күшімді "Челсидегі" ойыныма саламын. Жанкүйерлердің қандай рекация жасайтынын білемін. Сол үшін олардан кешірім сұраймын", - деді футболшы.

Еске салайық, Хаким Зиеш Марокко құрамасында өткізген 40 матчта 17 гол соққан. 2020 жылдан бастап Челси сапында доп теуіп, 2021 жылы клубпен Чемпиондар Лигасын жеңді. Осы уақыт аралығында ол 64 кездесуде 12 гол салды. Сонымен қатар, 8 рет нәтижелі пас берді. Немістің transfermarket сайты Зиешті 35 миллион еуроға бағалап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport