"Қайсардың" капитаны командадан кететін болды

"Қайсардың" жартылай қорғаушысы Думан Нәрзілдаев клубтан кетеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы.
"Қайсардың" жартылай қорғаушысы Думан Нәрзілдаев клубтан кетеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы.
28 жастағы жартылай қорғаушы қызылордалық клубтың Бірінші лигаға түсіп қалуына байланысты командасын ауыстырғысы келеді. Футболшыға Премьер-лиганың бірнеше клубтары қызығушылық танытып отыр, солардың бірі – "Ақтөбе".
Думан өткен маусымда барлық турнирлерде 31 кездесу өткізіп, 3 гол мен 5 нәтижелі пасты өз атына жазды.
Жарнама