"Қайсар" қазақстандық футболшымен толықты

Қызылордалық "Қайсар" 21 жастағы жартылай қорғаушы Амал Сейітовпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Қызылордалық "Қайсар" 21 жастағы жартылай қорғаушы Амал Сейітовпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Амал Сейітов – Алматы футболының түлегі. Кәсіби футболдағы мансабын жергілікті ЦСКА-да бастаған. Кейін "Жетісудың" жастар командасында ойнады.
Сейітов өткен жылы "Қыран" сапында өнер көрсетіп 19 матчта 8 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.
Маусымаралық үзіліс кезінде футболшы "Қайсардың" оқу-жаттығу жиынына қатысып, бапкерлер құрамының көңілінен шықты.
Жарнама