ҚПЛ-дің 10-тур матчінде "Қайрат" өз алаңында "Қайсармен" ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда өткен кездесу алаң қонақтарының күтпеген жеңісімен аяқталды - 3:0. Матчтің оныншы минутында Жоао Педро Оливейра есеп ашты.
Кейін 24-минутта Дмитрий Бородин пенальтиден есепті еселеді. Ал бірінші таймнан кейінгі қосымша уақытта Бородин он бір метрден тағы да гол салды.
Бұл алматылықтар үшін осы маусымдағы екінші жеңіліс. Бұған дейін Кирил Кекер жаттықтыратын команда 9 сәуірде өз алаңында "Жетісудан" 2:3 есебімен ұтылған болатын.