Әзірбайжандық "Карабах" командасы Конференция лигасына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Аzerisport.com порталының хабарлауынша, команданың бас бапкері Гурбан Гурбанов тізімге 28 футболшыны қосқан.
Қақпашылар: Шахруддин Магомедалиев, Эмиль Балаев, Амин Рамазанов, Айхан Аразлы.
Қорғаушылар: Рахиль Мамедов, Максим Медведев, Бахлул Мустафазаде, Замик Алиев, Марко Вешович, Аббас Гусейнов, Эльвин Джафаргулиев, Бадави Гусейнов, Кевин Медина, Нихад Гулиев.
Жартылай қорғаушылар: Гара Гараев, Патрик Андраде, Ричард Алмейда, Абделла Зубир, Хайме Ромеро, Гаспар Панадеро, Исмаил Ибрагимли, Филип Озобич, Кади, Торал Байрамов, Гусейн Гусейнзаде.
Шабуылшылар: Муса Гурбанлы, Ибрахима Ваджи, Рамиль Шейдаев.
"Карабах" командасы Н тобында "Базель" (Швейцария), "Қайрат" (Қазақстан) және "Омония" (Кипр" командаларымен ойнайды.
Еске салайық, "Қайрат" Конференция лигасындағы бірінші кездесуін 16 қыркүйек күні "Оминияға" қарсы өткізеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30-да басталады.
Жарнама