"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен командадан кететін болды

"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен "Ақсуға" ауысады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен "Ақсуға" ауысады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Футболшы бүгін павлодарлық клубтың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады деп күтілуде. "Ақсу" Әбікенді бір жылғы жалға алуды жоспарлап отыр.
Әбікен соңғы кездері "Қайраттың" қосалқы командасымен жаттығып, алматылық клубтың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан тыс қалған болатын.
Бұған дейін "Ақсу" клубына "Қайраттың" тағы бір бұрынғы ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев қосылған еді.
Жарнама