Футбол
30 маусым 2021 13:30

"Қайраттың" бірінші жаңа ойыншысы кім болатыны белгілі

Сурет: Football-Fun.ru

"Қайрат" белградтық "Партизан" сапында өнер көрсететін камерундық Маки Багнакты командаға алмақ. Бұл туралы Mozzartsport.com хабарлап отыр. 

Алматылық клуб өкілдері 26 жастағы ойыншыны сатып алу туралы ресми хат жолдаған екен. Оның үстіне "Партизанның" бас бапкері Александр Станоевич "Войводинадан" Синиша Саничанин келгелі камерундықты керек қылмай отыр. Трансфер құны 500 000 еуроға бағалануда, былтыр "Партизан" Багнак үшін "Олимпияға" осынша төлеген екен. 

Сонымен қоса, камерундық футболшы жарақат алып қалмас үшін белградтық командамен бірге жаттықпай жүр. 

Егер бұл трансфер іске асса, ол осы маусымдағы "Қайраттың" бірінші жаңа ойыншысы болады.