"Қайратты" жетпіске таяған ресейлік маман жаттықтырмақ - БАҚ
Алексей Шпилевский орнынан кеткен жағдайда "Қайрат" командасын ресейлік "Ростов" пен "Рубиннің" бұрынғы бапкері Курбан Бердыев жаттықтыратын болады, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Алексей Шпилевский орнынан кеткен жағдайда "Қайрат" командасын ресейлік "Ростов" пен "Рубиннің" бұрынғы бапкері Курбан Бердыев жаттықтыратын болады, деп хабарлайды KazFootball.kz.
33 жастағы Шпилевский жақын арада алматылық клубтан кетуі ықтимал. Қазақстан чемпионы биылғы маусымды нашар бастады, команда 13 турда бес рет қана жеңіске жетті.
68 жастағы Бердыев 13-ші турдағы "Астана" - "Қайрат" матчін (1:1) алматылық клуб жетекшілерімен бірге тамашалағаны белгілі болды.
Еске салайық, "Астана" чемпионатта бірде-бір ұтылмай, еш ұпай жоғалтпаған жалғыз клуб. Андрей Тихонов жаттықтыратын команда 33 ұпаймен турнир кестесінде бірінші келеді. Ал "Қайрат" 21 баллмен үшінші.
Жарнама