Германиялық форвард Штрели Мамба екінші Бундеслигадағы "Ганза" футбол командасы үшін екінші рет хет-трик жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
27 жастағы шабуылшы "Берлинер АК 07" командасының қақпасына небәрі 18 минутта үш гол салды (20, 30 және 38-ші). Ол бірінші таймды толық ойнады.
Ал матчтің өзі 9:1 есебімен "Ганза" пайдасына аяқталды. Бұған дейін Мамба "Пампов" клубымен жолдастық кездесуде (10:0) хет-трик жасаған.
Еске салайық, Штрели "Ганзаға" жалға берілген - футболшының негізгі келісімшарты "Қайратпен". Алматылық клубта Мамба биылғы маусымда 11 матчке қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.