"Қайрат" командасының 20 жастағы шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жалға алу құқықмен болгариялық клубтардың біріне баруы ықтимал,- деп хабарлайды KazFootball.kz.
Қазіргі таңда болгариялық екі-үш клуб Еркебұланды жалға алуға дайын. Футболшының алматылық командамен келісімшарты әлі аяқталмады.
Сейдахмет тараздық футбол мектебінің түлегі. Клубтық карьерасын 2017 жылы "Таразда" бастады. Алматылық командаға оралғанға дейін, ресейлік "Уфада" және болгариялық "Левскийде" өнер көрсеткен.
"Қайрат" футболшыны осы жолғы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына алмады.