"Қайрат" Ресей азаматтығы бар қазақты сапына қосты

"Қайрат" футзал клубы Бауыржан Өмірбаевты қатарына қосқанын хабардар етті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қайрат" футзал клубы Бауыржан Өмірбаевты қатарына қосқанын хабардар етті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Келісімшарт 2022/2023 жылғы маусым соңына дейін жасалды.
Өмірбаев бұған дейін "Қайрат" сапында 2020/2021 жылғы маусымда ойнаған, алматылық клуб үшін 14 матчте төрт гол салды. Одан кейін "Атырауда" ойнады.
22 жастағы Бауыржан Бішкекте дүниеге келген, Ресей азаматтығы бар. Ұлтты қазақ. Бала кезінде ата-анасы Ресейге көшіп, ол жақта "Газпром-Югра" құрылымында ойнаған.
Жарнама