Бүгін, 27 тамызда алматылық "Қайрат" пен шымкенттік "Ордабасы" Еуропа лигасының бірінші іріктеу раундында ойнайды, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Алексей Шпилевский жаттықтыратын команда Алматыда армениялық "Ноа" клубымен кездеседі, ал Кахабер Цхададзенің ойыншылары румыниялық "Ботошани" командасын Шымкентте қабылдайды.
Екі ойын да Қазақстан астанасының уақытымен 20:00-де басталады. "Қайраттың" матчін тікелей эфирде
Qazsport, ал "Ордабасы" ойынын
"Ел Арна" көрсетеді.
Турнирдің бұл кезеңінде жеңімпаз бір ойын қорытындысымен анықталады. Қажет болған жағдайда қосымша уақыт беріліп, пенальти сериясы да жасалады.