"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Түркия чемпионатында ойнауы мүмкін
Абат Айымбетов. Сурет: ҚФФ
Алматылық "Қайрат" шабуылшысы Абат Айымбетов карьерасын Түркия чемпионатында жалғастыруы мүмкін,- деп хабарлайды KazFootball.kz.
Алматылық "Қайрат" шабуылшысы Абат Айымбетов карьерасын Түркия чемпионатында жалғастыруы мүмкін,- деп хабарлайды KazFootball.kz.
Қазақстан құрамасының 25 жастағы ойыншысы бірден бірнеше клубты қызықтырып отырған көрінеді, алайда, мән-жай айтылмады.
Мүмкін бұл қазақстандық футболшылар легионер саналмайтын Түркияның бірінші дивизионындағы клубтар болуы мүмкін.
Өткен маусымда Айымбетов "Қайрат" сапында 17 матч ойнап, он гол салды. Осылайша, "Ордабасындағы" Жоао Паулодан (11 гол) кейін екінші үздік бомбардир атанды.
Жарнама