"Қайрат" Mucho Mas турнирінде үшінші орын үшін матчте 7:0 есебімен жеңіске жетті

Алматының "Қайрат" футзал клубы Испанияда өткен Mucho Mas халықаралық турнирінде жүлделі орынға ілікті. Үшінші орын үшін өткен ойында жергілікті "Пальма" командасын 7:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ойында "Қайрат" сапынан Денер Родриго хет-трик жасаса, Кайо Руис, Эдсон, Аллисон де Лима мен Дуглас бір-бір голдан соғып көзге түсті.
Халықаралық турнир "Төрттік финалы" жүйесінде өтті. Бірінші ойында алматылық команда "Барселонаға" жол берген еді. Каталондық клуб финалда "Вальдепеньяс" клубын 2:1 есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.
"Қайрат" футзал клубы 23-26 тамыз аралығында Португалияда өтетін Masters Cup халықаралық турниріне де қатысады. Ол жарыста "Спортинг", "Бенфика" және "Брага" командаларымен ойнайды.
Жарнама