"Қайрат" көшбасшысы ҚПЛ-де неліктен ұпай жоғалтқанын айтты
"Қайрат" көшбасшысы Хосе Канте ҚПЛ-дің 15-айналымында "Таразға" қарсы ойынның неліктен тең нәтижемен аяқталғанын түсіндірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
"Қайрат" көшбасшысы Хосе Канте ҚПЛ-дің 15-айналымында "Таразға" қарсы ойынның неліктен тең нәтижемен аяқталғанын түсіндірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
"Бірінші тайм өте тартысты өтті. Қарсыластан басымырақ ойнадық, жақсы ойын көрсете алдық. Екінші таймда босаңсып қалған сияқтымыз. Қарсыласты ары қарай қыса түсу керек еді. Жалпы тартысты, қызық ойын өтті. Бірақ тең нәтижеге көңіліміз толмады", - дейді Канте.
Естеріңізге сала кетейік, Таразда өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Бұған дейінгі екі ойынды алматылықтар жеңіспен аяқтаса, жамбылдықтар екі ойында есе жіберген еді. "Тараз" 22 ұпаймен турнир кестесінде төртінші, ал "Қайрат" 20 ұпаймен сегізінші орында.
Жарнама