"Қайрат" клубы оқу-жаттығу жиындарын қашан бастайтыны белгілі болды

Өткен маусымда ел біріншілігінде қола жүлдегер атанған "Қайрат" оқу-жаттығу жиындарын қашан бастайтыны белгілі болды, деп жазады Meta-ratings.kz сайты.
Өткен маусымда ел біріншілігінде қола жүлдегер атанған "Қайрат" оқу-жаттығу жиындарын қашан бастайтыны белгілі болды, деп жазады Meta-ratings.kz сайты.
"Қайрат" Алматыда Майлин көшесіндегі базасында 8 қаңтар күні дайындығын бастайды. Сонымен қатар, аталмыш базада "Қайрат-Жастар" мен Ресейде өнер көрсетіп жүрген "Қайрат-Мәскеу" командалары болады.
"Қайраттың" негізгі және жастар командасымен Құрбан Бердыев пен Кирилл Морунов жұмыс істесе, "Қайрат-Мәскеу" клубын Кирилл Кекер жаттықтырмақ.
"Қайрат-Жастардың" жас ойыншылары қысқы оқу-жаттығу жиындарына "Қайрат-Мәскеу" сапына ілігуге мүмкіндік алады.
Жарнама