Футбол
4 сәуір 2022 17:52
 

"Қайрат" Қазақстан құрамасының қорғаушысын қатарына қосты

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" Қазақстан құрамасының қорғаушысын қатарына қосты ©"Қайрат" ФК

26 жастағы қазақстандық қорғаушы Нұрлан Дайыров карьерасын "Қайратта" жалғастырады. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

blog.share

26 жастағы қазақстандық қорғаушы Нұрлан Дайыров карьерасын "Қайратта" жалғастырады. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

Қорғаушыны алматылық команданың бас бапкері Құрбан Бердыев шақырған. Дайыровты бас бапкері қорғанысты күшейту үшін шақыртып отыр. Футболшы қазір "Тараз" сапында ойнайды. Бірақ "Қайратқа" ауысуға дайын екен. 

Негізі Дайыров бұған дейін "Қайратта" ойнаған. Ол алдымен "Қайраттың" жастар клубында өнер көрсетіп, кейін әр-түрлі командаларға жалға берілді. 2019 жылы қорғаушы "Оқжетпес" сапына ауысып, көкшетаулық команданың белді ойыншыларының бірі болды. Кейін Жамбыл футболының түлегі "Қайратқа" қайта келді. Бірақ ол ауыр жарақат алып, мүлде ойнамады. 

Өткен жылы Дайыров "Тұранға" ауысты. Алайда кейін Андрей Карповичтің шақыртуымен "Қызыл-Жарға" барған болатын. Оралдық клубта ойнап жүріп ол Қазақстан құрамасына шақырту алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!