Алматылық "Қайрат" шымкенттік "Ордабасыны" ұтып, Қазақстан кубогінің плей-офф кезеңіне өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шымкентте өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды.
Матчте есепті үшінші минутта "Қайрат" шабуылшысы Жоао Пауло ашты.
"Ордабасы" үзілістен кейін есепті теңестірді, Серж Ньюадзи 61-й минутта гол салды.
"Қайрат" сапында Артур Шушеначев (71-минут) есепті еселеді. Ал Гулжигит Алыкулов (86) ойын есебіне нүкте қойды.
13 ұпай жинаған "Қайрат" топта көшбасшы. "Ордабасы" алты ұпаймен үшінші болып тұр.