Алматылық "Қайрат" футзал командасының басшылығы маусым алдында жалпыкомандалық жиналыс өткізді, деп хабарлайды клубтың баспасөз жиыны.
Жиын барысында Қайрат Оразбеков пен басқарма кеңесінің төрағасы Игорь Мажинов жаңа маусымдағы мақсаттарды айтты. Мақсат - Қазақстан чемпионатында, Қазақстан кубогі мен Суперкубогінде және Чемпиондар лигасында топ жару.
Еске салайық, футзалдан жаңа маусым "Қайрат" пен "Аят" арасында 6 қыркүйек күні Қазақстанның Суперкубогі үшін ойынмен басталады. Ал келесі күні Қазақстан кубогі ойындары өтеді.