Футбол
28 қазан 2022 05:54
 

"Қайрат" екінші рет тең түсті

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" екінші рет тең түсті ©qazlive

"Қайрат" футзалшылары Чемпиондар лигасында кезекті рет жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

"Қайрат" футзалшылары Чемпиондар лигасында кезекті рет жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл жолы Кака шәкірттері Испанияның "Пальмасымен" 2:2 есебімен тең түсті.

Матчтың 9-минутында Дуглас Жуниор  автогол жасап қойды. Араға 10 минут салып Дәурен Тұсағұлов таразы басын теңестіре алды. Кездесудің 36-минутында Шыңғыс Есенаманов есепті 2:1 дейін жеткізді. Алайда негізгі уақыттың аяқталуына 1 минут қалғанда "Пальма" ойыншысы Элой Рохас есепті теңестіріп кетті. Осының алдында "Қайрат" Бельгияның "Халле-Гооик" командасымен (2:2) тең түскен еді.

Енді "Қайрат" 1 топтағы келесі кездесуін 29 қазанда Францияның "Спортингіне" қарсы өткізеді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!