"Қайрат" ЧЛ-дегі бірінші матчте бельгиялықтарды ұта алмады

Алматық "Қайрат" футзал командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің алғашқы кездесуінде бельгиялық "Халле-Гооик" командасымен тең түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Алматық "Қайрат" футзал командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің алғашқы кездесуінде бельгиялық "Халле-Гооик" командасымен тең түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бельгияда өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Ойынның бесінші минутында алаң қожайындары сапынан Франко Еловчич есепті ашты. "Қайрат" 17-минутта есеп теңестірді. Голдың авторы - Кайо Руиз.
Екінші таймның 23-минутында Фиого соққан голдың арқасында "Халле-Гооик" есепте алға шыққан еді. 38-минутта Дәурен Тұрсағұлов есепті теңестіріп, ойынға нүкте қойды.
Енді келесі турда "Қайрат" командасы Испанияның "Пальмо" ұжымына қарсы өткізеді.
Жарнама